Осы жылдан бастап колледж оқытушылары біліктілік санаттарын көтеріп, біліктілік санаты берілгеннен кейін лауазымдық жалақысының 30-дан 50 пайызына дейін қосымша ақы алатын болады. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов техникалық және кәсіптік білім берудің 80 жылдығына арналған іс-шара барысында мәлімдеді, деп хабарлайды stan.kz ақпарат агенттігі.Ведомство басшысының айтуынша, бұған дейін біліктілік санаттары үшін қосымша төлемдерді тек мектеп мұғалімдері алған болатын. "Педагог мәртебесі туралы" заңның қабылдануымен колледж педагогтері де біліктілік санаты берілгеннен кейін ай сайын қосымша ақы алатын болады.