Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда жалақыға дейін берілетін несиелер алып тасталынбақ

Қазақстанда жалақыға дейін берілетін несиелер алып тасталынбақ

Мәжіліс депутаты Ержан Бейсембаев Қазақстанда жалақыға дейін беріледі дейтін несиелерді алып тастауды ұсынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Депутат Ержан Бейсембаев халық арасындағы қарыз деңгейін төмендету бойынша түзетулерді талқылау барысында жалақыға дейін берілетін несиені алып тастауды ұсынды.

"Қазіргі уақытта азаматтардың көбі жалақыға дейін күн көру үшін микрокредиттер алуға мәжбүр болып отыр. Бұл өте қауіпті құбылыс. Өйткені мұндай қарыздардың пайызы аса жоғары, тіпті кей жағдайларға мың пайызға дейін жетеді. Қазір бұл – кепілсіз қарыз алудың өте оңай жолы. Ақша тез әрі қарыз берушінің табыс деңгейін есепке алмай беріле береді. Дәл осы сегментте жастарымыз өте көп кредит алып жатыр. Кейбірінің басында 2-3 кредитке дейін бар. Кредиттер деңгейінің өсімімен проблемалық кредиттер саны да артып барады", - деп түсіндірді ол.

Үнзила Шапақ депутаттар қарыздың бұл түрін мүлде алып тастау туралы осындай ұсынысты бұған дейін де жасағанын атап өтті.

Кейбір қазақстандықтарға кредит беруге тыйым салынбақ
Кредиттік амнистияға іліккен қазақстандықтар қайтадан қарызға батқан
"Бұл ұсыныс қазір үкіметке қорытынды жасауға жіберілді", - деді ол. Жалпы, оның айтуынша, мұндай шағын несиені қазір 60 компания беріп отыр. Депутаттың бұл ұсынысын Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова да қолдады.

"Соңғы екі жылда қысқа мерзімді онлайн-кредиттер секторында ең жоғары тәуекелдер қалыптасты. Біріншіден, бұл проблемалық қарыз алушылардың саны көп есе өсті. Қазіргі уақытта ондай микрокредит секторында 227 мың адамның проблемалық кредиттері бар. Бұл бүкіл микроқаржы ұйымы секторының проблемалық қарыз алушылардың санының 80 пайызына тең. Сол себептен ол өте жоғары. Біздің ойымыз, осы онлайн қысқа мермізге берілетін кредиттер ең қауіпті әрі тәуекелдер де жоғары, адамдардың құқығын қорғау үшін осы қысқа мерзімге берілетін кредиттердің ерекше түрін алып тастау қажет деп санаймыз, депутаттардың бастамасын қолдаймыз", - деді ол.

Фото: stan.kz
07 наурыз 2024 ж. 310 0