Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Алаяқтық туралы не білуіміз керек?

Алаяқтық туралы не білуіміз керек?

Технологиялар мен коммуникация біздің өмірімізде үлкен рөл атқаратын қазірі заманауи әлемде алаяқтық барған сайын өзекті мәселеге айналуда. Алаяқтық қарапайым сөзбен айтқанда өзге адамға тиесілі мүлікті жымқырып,алдау,сеніміне ену арқылы бөтен мүлікке құқықты иемдену. Алаяқтыққа қаржылық қылмыстардан бастап жеке тұлғаға тиесілі ақпаратты ұрлау, жалған қаржылық схемалар,онлайн алаяқтық пен телефон қоңыраулары арқылы алдау секілді көптеген қылмыстар жатады. Соның ішінде,қазір ең көп тараған алаяқтық түрлерінің бірі-фишинг,нақтырақ айтсақ,алаяқтар қарапайым адамдардан жеке басының ақпараты мен қаржылық ақпараттарын алу үшін заңды вебсайттар мен жалған электронды хабарлар жібереді. Алаяқтардың құрбаны болу жеке адамдар үшін де,тұтастай алғанда қоғам үшін де өте қауіпті. Себебі жинақтарды жоғалту, несие тарихының бұзылуы,банк жүйесіне деген сенімі жоғалту – мұның бәрі адамдардың өмір сүру сапасына айтарлықай әсер етері анық.Дегенмен біз алаяқтардың құрбаны болмауымыз үшін қарапайым жолдармен ақ қорғана аламыз.Біріншіден, жеке ақпараттарды онлайн толтырған кезде абай болу керек және күдікті сілтемелер мен қосымшаларды сенімді екендігіне көз жеткізбейінше,ашпаған жөн. Сонымен қатар алаяқтар өз мақсаттарына пайдаланбау үшін телефоныңыздағы бағдарламалық құралды жүйелі тұрде жаңартып отыру қажет. Халыққа алаяқтарға алданбау жайында білім еріп,үнемі хабадар етіп отыру- алаяқтықпен күрестің негізгі аспектілеріне жатады.
Интернет алаяқтардан сақ болудың қарапайым,сіз бен біз білуіміз керек қауіпсіздік ережелері : дербес деректерді, пластикалық карталардың мәліметтерін, кодтарды және құпия сөздерді ешкімге хабарламау, белгісіз әрі тексерілмеген сайттар арқылы алдын ала төлем жүргізбеу, күмәнді мәмілелер бойынша ақша аударымдарын жүзеге асырмау, ұялы телефон мен компьютерге белгісіз қосымшаларды орнатпауғ, кез келген сілтеме бойынша өтпеу, спам хабарламаларға сенбеу.Осы айтылған ережелерді сақтау арқылы кез-келген жеке тұлға өзін алаяқтардан оңай қорғай алады. Интернет бізді бұрынғыдан көп ақпаратпен қамтамасыз еткенімен,бүгінгі цифрлық дәуір алаяқтарға өздерінің жалған әрекеттерін жасауға да мүмкінік беріп отыр. Сонықтан кез-келген уақытта сақ болғаныңыз абзал,оқырман!

Асылзат Жолдасова
Қорқыт Ата атындағы       
Қызылорда университетінің 4-курс студенті
12 қаңтар 2024 ж. 163 0