Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Алаяқтықтан сақ болыңыз!

Алаяқтықтан сақ болыңыз!

Қазіргі қоғамдағы ең өзекті мәселенің бірі– алаяқтық қылмысы болып отыр. Алаяқтар адамның сеніміне кіру жолымен алдау-арбау арқылы бөтеннің мүлкін иемдену жағдайлары белең алуда.Заманымыз дамып, цифрлық жүйеге көшеміз деп күнделікті адамдардың ой санасын дамытуға тырысқанымызбен, екінші жағдайда олардың алаяқтық қылмысының құрбаны болуына тап келулері бүгінгі күннің күрделі мәселелерінің бірі болып отыр.
Сондықтан аудан тұрғындарын интернет желілері арқылы келетін әртүрлі мазмұндағы жарнамалардан, алаяқтық әрекеттерден сақ болуға шақырамыз.
Соңғы уақытта жиі жасалып жүрген алаяқтық заманына сай түрленіп, әдіс-тәсілдерін жаңартып, жетілдіре түсуде. Талайды тақырға отырғызған алаяқтардан абайламаса болмайды. Азаматтық құқық бұзушылықтың жаңа түрлері және заманауи технологияларды пайдалану арқылы қылмысты жасаудың жаңа әдістері пайда болуда. Уақыт өтсе де өзгермейтін қылмысты жасаудың себебі біреу ғана, ол – адамның пайдакүнемдік теріс пиғылы. Оңай олжаны көздегендер алаяқтықты кәсіпке айналдырады. Алайда бір әдіспен қашанғы алдай алсын?
Алаяқтық дегеніміз – ең алдымен жалғандық, өзгенің сеніміне кіріп алдау. Сондықтан қылмыстың бұл түрімен күрестің тиімді жолы сізді алдауы мүмкін адамның айтқан мәліметтерінің анық-қанығына көз жеткізу. Егер ауданымызда алаяқтық белгілерін байқап қалсаңыз, мына қарапайым сақтық шараларын орындағаныңыз жөн. Жаңа таңысыныздың іс-әрекеті, сөзі күдік тудырса, ең алдымен оның кім екендігін анықтауға тырысыңыз. Оның құқық белгілейтін құжаттарын көрсетуін сұраңыз. Жалпы, қазіргі кез өте қауіпті. Неге десеңіз, алаяқтардың арбауына оп-оңай түсіп қалуға болады. Сондықтан да сіздерді алаяқтардан сақ болуға шақырып, ескертеміз.

Арал аудандық ішкі саясат бөлімі 
16 наурыз 2021 ж. 1 539 0