Фаст-фудтың қаупі: Тез тамақтануды шектеу не үшін маңызды?
Фаст-фуд - біздің заманауи мәдениетімізде кеңінен таралған тамақтану түрі. Алайда, оның тартымдылығы мен тіл үйірер дәмінің артында денсаулыққа елеулі қауіп-қатерлер төніп тұрғанын ескере бермейміз.Көбісі біле бермеуі мүмкін,алайда фаст-фуд өнімдерінде қант,тұз бен май шамадан тыс көп болады.Мұндай тағамдарды жиі тұтыну қант диабеті,семіздік,жүрек-қан тамырлары ауруыларына әкеп соғуы мүмкін.Фаст-фуд өнімдерін үздіксіз тұтыну денсаулыққа айтарлықтай зиян келтіретінін біз саналы түрде түсіне білуіміз керек.Сонымен қатар фаст-фуд азаға қажетті минералдар мен витаминдерді аз береді.Ал бұл дегеніміз қажетті нутриенттердің жетіспеушілігіне әкеліп,соңына иммундық жүйе әлсірей бастайды.Тез дайындалатын бұл тағамдардың көпшілігінің құрамында ағзаға зиян әкелетін түрлі қоспалар болады. Соның бірі-натрий голутанаты.Ол адамның жүйке жүйесінің жұмысына кедергі келтіріп,тыныс алуды қиындатады.Ал фаст-фудты жиі тұтыну аллергиялық реакциялар беріп,тамақтан улануға дейін әкеледі.Жылдам дайындалатын тағамдардың құрамында тұз тым көп болады.Денедегі артық тұз жоғары қан қысымы (гипертония),бас ауруы, жүрек ауруы ,құлақтағы шу, көру қабілетінің бұзылуына алып келуі мүмкін.Фаст-фудтың зияны жайлы әлем ғалымдары дабыл қағып,қанша айтып жатса да күн санап бұл тағамды тұтынатындар саны көбеймесе,азаймай жатыр.Зерттеушілердің айтуынша,фаст-фудты ұдайы тұтыну адамдардың психикасына да орасан зор нұқсан келтіреді екен.Олардың ойында жылдам тамақтану басты мақсат болғандықтан,көбіне шыдамсыз,күйгелек болып келедіГастроэнтролог дәрігелердің айтуынша жыл басынан асқазан-ішек дертімен 120-дан астам адам келіп түскен. Тез тамақтанудың әсерінен ас қорыту жолдарының жұмысы қиындайды.Фаст фудқа үйір жандардың асқазан жүрек аурулары қан қысымы қант диабеті аурулары күн өткен сайын үдей түседі.Ауру-астан деп бекере айтылмаса керек.Сондықтан фаст-фудты барынша үйден піскен тағамдарға,витаминдерге бай жемістер мен көкөністерге айырбастаған денсаулыққа әлдеқайда пайдалырақ.Бір алманың өзі ағзадағы С,Е витаминдерін толықтыратын ең керемет антиоксидант болып саналады.Калориясы көп,майлы тамақтардан бас тартып,дұрыс тамақтануды қолға алсаңыз денсаулығыңыз жақсарып,дене бітіміңіз де қалыпқа келері сөзсіз.Салауатты өмір салтын сақтау өз қолымызда екенін ұмытпаған жөн болар!
Асылзат Жолдасова
Қорқыт Ата атындағы
Қызылорда университетінің 4-курс студенті