Ерке Есмахан : "Күйеуге шыққым келмейтін"

"Бәрін өзім істеймін. Бәрі өз қолымнан келеді, ақша табамын, көп жұмыс істеймін, көлікті де өзім жөндетемін. Бәріне өзім жүгіріп жүретінмін. "Күйеуге шықпаймын, маған не керек ол" деп жүрген едім. Муслимім бар. Енді өз рахатым үшін өмір сүремін дегенмін ғой. Шынымен де уақыт өте келе тұрмысқа шыққаннан кейін жүрегім тыныштық тауып, үйде әйел бола бастадым. Ерке Есмахан екенімді ұмытып, кішкене салмақ қосып, бақытты әйел болдым. Аяғым ауыр кезде үйде отырып Аллаға шүкіршілік айтамын. Әйел адамның табиғаты осы екен ғой. Қасымызда арқа сүйер ер азаматымыз болса болғаны", – деп ағынан жарылды өнер иесі.
Фото: ашық дереккөз