Қайырымдылық көмек көрсетілді

Наурызды мерекелеу кезінде бұл қасиеттерді барынша кеңінен насихаттау, оның қадірін арттыру аса маңызды. Өйткені көшпенділер мәдениетінде өзара көмек, жанашырлық пен қамқорлық кез келген қиындықты жеңіп, мақсат-мұратқа жетудің тетігі болған.
Бүгін Арал ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен демеушілер есебінен аудан бойынша аз қамтылған, көпбалалы, мүгедектігі бар, тұрмыс жағдайы төмен 250 отбасыға қайырымдылық көмек түрі жасалды.
Осы ретте, демеушілік танытқан алтын жүректі жандарға шынайы алғысымызды білдіреміз.



(Өз тілшімізден)