Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Бүгін ауа райы қандай болады?

Бүгін ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» РМК еліміз бойынша 25 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Синоптиктердің болжауынша, еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз күн райы сақталады.

«Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, солтүстік өңірде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, көктайғақ болады, сондай-ақ жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Еліміздің батысында, оңтүстік-шығысында  жауын-шашынсыз ауа райы болады. Қазақстанның барлық өңірінде тұман болып, желдің екпіні 15-20 м/с дейін күшеюі ықтимал», деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.
Фото: ашық дереккөз 
25 наурыз 2024 ж. 281 0