25 наурызға арналған ауа райы болжамы

Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады – жауын-шашын күтіледі, республиканың солтүстігінде және шығысында – қар жауады, түнде оңтүстік-шығыста, күндіз республиканың оңтүстік-батысында – қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Тек еліміздің батысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республикада желдің күшеюі, тұман, көктайғақ күтіледі, солтүстікте, солтүстік-батыста, шығыста – аздаған бұрқасын орын алады.
Қызылорда облысының солтүстігінде тұман күтіледі, күндіз облыс орталығында желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады.
kyzylorda-news.kz