Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада жемқорлыққа қарсы волонтерлер бюджет қаражатының негізсіз жұмсалғанын анықтады

Қызылордада жемқорлыққа қарсы волонтерлер бюджет қаражатының негізсіз жұмсалғанын анықтады

Қызылорда облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілері «№2 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» (бұдан әрі – Орталық) әкімшілік ғимаратының техникалық жай-күйіне мониторинг жасау барысында жемқорлық тәуекелдерін анықтады.
Аталған ғимараттың сыртқы беті (қабырғалары) едәуір ескіргені (қаптаулары түсіп қалған), сәйкесінше жаңа жөндеу жұмыстарын қажет етеді.
Мәселені зерделеу барысында бұл ғимараттың сыртын жөндеу жұмыстарына 2023 жылы 9 млн теңге бюджет қаражаты бөлінген.
Сонымен қатар, мекеме басшылығының тапсырмасы бойынша жөндеу жұмыстарын осы Орталықтың қызметкерлері жүргізген.
Департаментпен жоғарыдағы бұзушылықтарға байланысты облыс әкімдігіне тиісті шаралар қолдану үшін ұсыныстар жолданды.
29 наурыз 2024 ж. 222 0