Қызылордалықтар мемлекеттік қызметтерді қоғамдық орындарда ала алады

«Сonnection point» – азаматтарға электрондық үкімет порталы арқылы қызметтерді өз бетінше алуға көмектесетін аумақ болып табылады. Мұнда клиенттер электронды қолтаңба алу, тұрғылықты жері бойынша тіркелу, зейнетақы жинақтары туралы анықтама алу және тағы басқа ХҚКО көрсетілетін танымал қызметтерге тапсырыс бере алады.
Айта кету керек, бүгінде аймағымызда азаматтар мемлекеттік қызметтерді өз бетінше ала алатын 14 «connection point» тиімді жұмыс жасауда. Тұрғындар енді мемлекеттік қызметті Халыққа қызмет көрсету орталығына бармай-ақ, «connection point» арқылы жылдам қызмет алуға мүмкіндіктері бар.