Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жалпыға бірдей декларациялау

Жалпыға бірдей декларациялау

Мемлекеттік басым міндеттерінің бірі салық салуды анық және сауатты басқару болып табылады. Өйткені елдегі салық саясатының тиімділігі осы үдерісті ұйымдастыру деңгейіне байланысты. Салық салу – мемлекеттің ежелгі функциясы және қоғамның экономикалық және әлеуметтік даму жолындағы негізгі шартардың бірі. Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, көлеңкелі экономиканың мөлшерін қысқарту мақсатында жеке тұлғалардың кірістеріне салық салуды толық ауқымды әкімшілендіру мәселесін шешуге арналған маңызды шарт халықтың кірістері мен мүлкін жалпыға бірдей декларациялау болып табылады.
Жалпыға бірдей декларациялауға көшудің мақсаты көлеңкелі экономикамен және сыбайлас жемқорлықпен күрес үшін жеке тұлғалардың табыстары мен мүлкіне тиімді бақылау жүйесін құру, сондай-ақ салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді жинауды қамтамасыз етудегі мемлекеттің рөлін күшейту болып табылады. Жалпыға бірдей декларациялауға көшуді қамтамасыз ету бойынша негізгі міндеттер:
- жалпыға бірдей декларациялауды енгізудің әдістемелік негіздерін әзірлеу және оларды заңнамалық қамтамасыз ету;
- жеке тұлғалардың декларацияларын қабылдауға және өңдеуге мемлекеттік органдарды дайындау бойынша іс-шаралар жүргізу;
- кірістер мен мүлікті декларациялаудың халық үшін анағұрлым қолайлы рәсімін жасау;
- жалпыға бірдей декларациялауға көшу мәселелері бойынша халықты кең ауқымда ақпараттандыру;
- декларацияны толтыру және табыс ету бойынша халыққа мемлекет тарапынан әдістемелік көмек көрсету;
- жеке тұлғалар декларациясын тиімді камералдық бақылау жүйесін құру болып табылады.
Кірістерді декларациялау:
- көлеңкелі экономикаға қарсы тұруға;
- мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлық деңгейінің төмендеуіне;
- салық базасын кеңейтуте және жеке табыс салығының бюджетке түсімін арттыруға;
- Қазақстан Республикасы салық төлеушілерінің салықтық мәдениетін арттыруға ықпал ететін болады.
Жалпыға бірдей декларациялау кезең-кезеңмен енгізілген болатын.Бүгінгі таңда үшінші кезеңге сәйкес, 2024 жылғы 1-қаңтардан бастап – заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары және олардың жұбайлары, дара кәсіпкерлер мен олардың жұбайлары ұсынуға тиіс.
Келесі жылы төртінші кезеңге сәйкес, 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап халықтың қалған санаттары ұсынуға жатады.Бұл ретте, әрбір кезеңнің қорытындылары талданып, проблемалық мәселелер анықталатынын және заңнаманы, әдіснаманы және ақпараттық жүйелерді жетілдіру бойынша шаралар қабылданатынын атап өту маңызды.
Жалпыға бірдей декларациялауды енгізген кезде декларацияны келесі жеке тұлғалар ұсынуға міндетті.
- Қазақстанның кәмелетке толған азаматтары, оралмандар және тұруға ыхтиярхаты бар адамдар;
- кәмелетке толмаған тұлғалар – тұрғын үй құрылысында қатысу үлесі, олардың атына тіркелген мүлкік, банктік шоттарда ақша сомасы, дебиторлық берешек және (немесе) кредиторлық берешек болған жағдайда;
- шетелдіктер – Қазақстан аумағында мүлкі немесе тұрғын үй құрылысында қатысу үлесі болған жағдайда.
Жалпыға бірдей декларациялау жүйесіне енген кезде жеке тұлғалар активтер мен міндеттемелер туралы декларация ұсынатын болады, онда меншік құқығындағы мүлікті, соның ішінде пәтерлерді, машиналарды, банктердегі салымдарды міндеттемелерін көрсету қажет.
Кейіннен халық жыл сайын кірістер, сатып алған мүлік туралы декларацияны тапсыратын болады.
Декларацияны есепті жылдың 15-қыркүйектен кешіктірмей – электрондық түрде ұсыну қажет.
Жалпыға бірдей декларацияны cabinet.kgd.gov.kz – Салық төлеушінің кабинеті, E.gov.kz - электрондық үкімет порталы арқылы,я болмаса eGov mobile, «E-salyq Azamat» мобильды қосымшалары арқылы тапсыруға болатындығын және де бойынша туындаған сұрақтарды 1414 сенім телефоны арқылы білуге болатынын назарларыңызға жеткіземін.
А.АҒЫБАЕВ,
Арал ауданы бойынша Мемлекеттік
кірістер басқармасы басшыорынбасары

Фото: kaz.zakon.kz
23 сәуір 2024 ж. 203 0