Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жемқорлықпен қарсы күресу – әрбір азаматтың парызы

Жемқорлықпен қарсы күресу – әрбір азаматтың парызы

Арал аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасыныңсыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2024 жылға арналған іс-шаралар жоспары әзірленіп, басқарма басшысымен бекітілді.
Басқарманың сенім телефоны және «Ашық есік күндерін» өткізу кестесі басқарма басшысының бұйрығымен бекітіліп, ай сайын басқармада ашық есік күндері өткізілуде.
Басқарма басшыларының азаматтарды қабылдау күндері кестесі жасалып, басшы бұйрығымен бекітіліп, басқарма басшысы сол кестеге сәйкес қабылдаулар жүргізеді. Жыл басынан бері 17 тұрғын басқарма басшысының қабылдауында болып, өз жеке мәселелерін баяндап, «оң» шешімін тапты.
Жыл басынан бері жергілікті БАҚ-қа Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2024 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес «Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ» атты басқарма басшысының «Арал әлемі» газетінің 16-31.01.2024жылғы №2 санына мақаласы жарияланды.
Басқармада мемлекеттік қызметшілер арасында Әдеп кодексін бұзушылық фактісі тіркелген жоқ.
Басқарма мамандары арасында сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылық немесе сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылыққа жағдай туғызатын әрекеттер болған жоқ. Бұқаралық ақпарат құралдарында басқарманың мемлекеттік қызметшілері туралы келеңсіз жағдайлар орын алған жоқ.
Басқарманың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2024 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес Заңының талаптарын орындау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтарды болдырмау, алдын-алу мақсатында басқарма мамандары арасында1 құқықтық семинар өткізілді.
Басқарманың кіре берісіне жеке және заңды тұлғалардың хаттары мен өтініштеріне арналған пошта жәшігі орнатылған. Басқарманың «Сенім телефоны» белгіленген. Пошта жәшігі мен сенім телефонына жауапты мамандар бекітілген.
«Сенім телефонына» және пошта жәшігіне жыл басынан бері арыз-шағым түскен жоқ. «Facebook» әлеуметтік желісінде басқарманың жеке парақшасы ашылды және жұмыс жасалуда. Жыл басынан бері «Facebook» әлеуметтік желісінде басқарманың жеке парақшасына сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтарды болдырмау, алдын-алу мақсатында жарияланған ақпараттық материалдар саны – 35.
Жыл басынан бері заңсыз тексерулер орын алған жоқ.
Сонымен қатар апталық мәжілістерде басқарма мамандарына сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа жол бермеу жөнінде қатаң түрде ескертіліп отыр.
2024 жылдың І-ші тоқсан қорытындысымен басқарма мамандары арасында сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылық немесе сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылыққа жағдай туғызатын әрекеттері және Әдеп кодексін бұзушылық фактісі тіркелген жоқ.

Арал аудандық Сэбб басшысы А. Сатекеева

Сурет: ашық дереккөзден алынды 
20 мамыр 2024 ж. 254 0