«Парақорлыққа қарсы менеджмент жүйесі» стандартын енгізу мәселесі бойынша семинар өткізілді

Кездесу барысында, Превенция басқармасы басшысының орынбасары О.Мырзағалиев квазимемлекеттік сектор ұйымдарында комплаенс-қызметінің және ыбайлас жемқорлыққа қарсы халықаралық стандартын енгізу маңыздылығын айтып өтті.
ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қызылорда облыстық филиалының профессоры, заң ғылымдарының кандидаты А.Мадалиева аталған стандарт туралы жан-жақты мәлімет берді.
Шара соңында жергілікті атқарушы органға квазимемлекеттік ұйымдарда комплаенс-қызметіне дербес штат бөлу және ұйымда ISO 37001 халықаралық стандартын енгізу мәселесін қарастыру ұсынылды.
Айта кетейік, ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының 12-бабына сәйкес, квазимемлекеттік және жеке секторлар қызметіне ISO 37001 сыбайлас жемқорлыққа қарсы халықаралық стандартын ерікті түрде енгізу көзделген.
Стандарттың мақсаты – ұйымға сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, анықтау және шаралар қабылдау үшін әзірленген, негізделген тиісті тетіктерді енгізуге көмектесу.
Қазіргі таңда өңірімізде «Қызылорда газ тарату жүйесі» кәсіпорны аталған стандарттан өткен жалғыз мекеме болып табылады.