Жария-құқықтық қатынастан туындаған дау медиациямен аяқталды

Соттың белсенді рөлі қағидаты шеңберінде тараптардың құқықтық позициялары бойынша алдын ала пікір білдіру арқылы жүргізілген түсіндіру шараларының нәтижесінде, тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге келді.
Келісімнің шарттары бойынша жауапкерлер дауды сотқа дейін шешуге міндеттенсе, талап қоюшы келісім талаптарын қабылдап, талап қоюын қайтаруды сұраған.
Осыған орай, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексінің 120-бабының 6-тармағына сәйкес, сот ұйғарымымен тараптардың дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімі бекітілді.
Келісіммен аяқталған дауда талап қоюшы өзіне қолайлы шешімге қол жеткізсе, жауапкерлер жағы даудың әріге бармай, жылдам аяқталуына, оның бейбіт жолмен шешілуіне мүмкіндік алды.
Арал аудандық соты