Демалыс күндері елімізде +42°С-қа дейін ыстық болады
Еліміздің басым бөлігінде алдағы екі күнде күн жылынып, ауа температурасы +35+42°С-қа дейін көтеріледі, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.
Синоптиктердің болжамына сүйенсек, маусымның 8-10 күндері елде Мәскеу аумағынан келетін циклонның ықпалымен күн райы құбылмалы болады.
Тағы бір аймақтарда өткінші жаңбыр жауады. Мысалы елдің солтүстік-батысы мен солтүстігінің кей жерлерінде нөсер жаңбыр жауады, күн күркіреп, жел күшейеді, күндіз бұршақ жаууы ықтимал, - делінген хабарламада.
Соған қарамастан Жерорта теңізі аумағынан жылы ауа келіп, көптеген өңірлерде ауа температурасы +27+35°С-қа дейін, оңтүстік өңірлерде +35+42°С-қа дейін ысиды деп күтілуде.
Сурет: ашық дереккөз