Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 22 маусымға арналған ауа райы болжамы

22 маусымға арналған ауа райы болжамы

22 маусымда "Қазгидромет" РМК синоптиктері еліміздің кей өңірлерінде 41 градусқа дейін ыстық болатынын болжады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Атырау облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде найзағай, күндіз облыстың батысында қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ауысып жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Атырау қ: 22 маусым күндіз найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ауысып жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батыстқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 37 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында, орталығында жоғары өрт қауіпі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Ұлытау облысының батысында, орталығында 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Жезқазған қ.: 22 маусымда күндіз 35 градус қатты ыстық. Төтенше өрт қауіпі сақталады.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Көкшетау қ.: 22 маусымда таңертең және күндіз найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с күтіледі.

Ақтөбе облысының батысында найзағай, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында 35 градус қатты ыстық сақталады. 23 маусымда күндіз Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың батысында найзағай, күндіз найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с, кей уақыттрда 23-28 м/с күтіледі. Ақтөбе қ.: 22 маусымда күндіз найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. 23 маусымда найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың басым бөлігінде найзағай күтіледі, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан, солтүстіктен соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, орталықта жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында оңтүстік-батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Орал қ.: 22 маусымда найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан, солтүстіктен соғады, найзағай кезінде екпіні 18 м/с. Жоғары өрт қауіпі сақталады.

Қызылорда облысының орталығында найзағай, дауыл күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Күндіз 40-41 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың солтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Қызылорда қ.: 22 маусымда төтенше өрт қауіпі сақталады.

Маңғыстау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында найзағай, бұршақ, дауыл, шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың басым бөлігінде 15-20, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 23 м/с күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қауіпі, облыстың солтүстік-шығысында, батысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Ақтау қ.: 22 маусымда солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Жоғары өрт қауіпі сақталады.

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз облыстың солтүстік жартысында найзағай, бұршақ күтіледі. Батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстік жартысында төтінше өрт қауіпі күтіледі. Қостанай қ.: 22 маусымда күндіз найзағай күтіледі.

Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарына найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, шөлді аудандарында 40 градус қатты ыстық сақталады.

Шымкент қ.: 22 маусымда күннің екінші жартысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.

Павлодар облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың шығысында, орталығында жоғары өрт қауіпі күтіледі. Павлодар қ: 22 маусымда түнде найзағай күтіледі.

Абай облысының солтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с. Семей қ.: 22 маусымда күндіз қатты ыстық 36 градус күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, шығысында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстік-шығысында тұман күтіледі. Батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с. Петропавл қ.: 22 маусымда найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Сурет: baq.kz
22 маусым 2024 ж. 220 0