Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Бүгінгі ауа райы болжамы қандай?

Бүгінгі ауа райы болжамы қандай?

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 14 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Синоптиктердің болжамынша, еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады.

Абай облысының орталығында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың оңтүстігінде найзағай, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, найзағай кезінде 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. Облыстың оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Семейде 14 маусымда күндіз найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз найзағай кезінде екпіні 15-18 м/с.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с. Облыста жоғары өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда 14 маусымда солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Қала бойынша жоғары өрт қаупі бар.

Шығыс Қазақстан облысының шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың оңтүстігінде найзағай, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, найзағай кезінде 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі. Өскеменде 14 маусымда күндіз найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз найзағай кезінде екпіні 15-18 м/с.

Ақтөбе облысында 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі, облыстың оңтүстігінде, батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбе қаласында 14 маусымда күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі.

Қарағанды облысының шығысында қатты жаңбыр жауады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі. Қарағандыда 14 маусымда найзағай күтіледі.

Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыстың басым бөлігінде 38-40 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі, облыстың жағалауында жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтауда 14 маусымда жоғары өрт қаупі бар.

Жетісу облысының оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. 14 маусымда облыстың батысында, солтүстік-шағысында жоғары өрт қаупі, солтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда 14 маусымда таңертең және күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында төтенше өрт қаупі күтіледі. Оралда 14 маусымда күндіз 35 градус ыстық болады.

Атырау облысының батысында найзағай күтіледі. Күндіз облыс бойынша 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Атырауда 14 маусымда күндіз 35-37 градус қатты ыстық болады.

Астанада күндіз кей уақыттарда найзағай күтіледі.

Ақмола облысының солтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с күтіледі. 14 маусымда облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі күтіледі. Көкшетауда 14 маусымда күндіз кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстік-шығысында тұман күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Петропавлда 14 маусымда күндіз найзағай күтіледі.

Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл соғады. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қаласында 14 маусымда күндіз шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 15 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, найзағай кезінде екпіні 18 м/с. Павлодарда 14 маусымда күндіз найзағай күтіледі.

Қостанай облысының шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Күндіз 36 градусқа дейін қатты ыстық болады.

Алматы облысының таулы аудандарында кей уақытта қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың оңтүстік жартысында найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік жартысында екпіні 17-22 м/с. 14 маусымда облыстың солтүстік жартысында жоғары, кей жерлерде төтенше өрт қаупі сақталады.

Алматыда таңертең және күндіз найзағай, бұршақ күтіледі, найзағай кезінде жел екпіні 15 м/с.

Ақпарат көзі: ​egemen.kz​​​
14 маусым 2024 ж. 169 0