Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Бірыңғай уақыт белдеуі: кезекті талқылау кейінге шегерілді

Бірыңғай уақыт белдеуі: кезекті талқылау кейінге шегерілді

Қазақстанда бірыңғай уақыт белдеуі бойынша жұмыс тобының екінші отырысы өтпейтін болды. Мұның себебін Сауда және интеграция министрлігінің өкілдері түсіндірді, деп хабарлайды Egemen.kz

Министрліктің хабарлауынша, бүгінге жоспарланған уақыт белдеуіне қатысты өтінішті қарау жөніндегі жұмыс тобының екінші отырысы автордың өтініші бойынша өткізілмейтін болды.

«Алдағы отырыстың күні мен уақыты туралы хабарлама петиция авторына осы жылдың 25 маусымында, белгіленген күннен үш жұмыс күні бұрын, электрондық поштаға және WhatsApp мессенджері арқылы жіберілді. 26 маусымда өтініш берушілер жұмыс тобының отырысын кейінге ауыстыру туралы хат жолдады. Осыған байланысты 28 маусымға жоспарланған отырыс кейінге қалдырылды. Кезекті отырыстың өтетін күні кейінірек жарияланады», делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, осы жылдың 29 ақпанынан 1 наурызға қараған түні Қазақстан бірыңғай уақыт белдеуіне көшкен еді.

Сурет: ашық дереккөз 
28 маусым 2024 ж. 245 0