Уақыт белдеуіне қатысты петиция қарауға қабылданды

Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі мәлімдеді.
«ҚР ӘРПК-нің 90-5 бабына сәйкес петицияны қарау мерзімі тіркелген сәттен бастап 40 жұмыс күнді құрайды. ҚР Сауда және интеграция министрлігі мүдделі тараптардың, мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдерін қоса жұмыс тобының жұмысын ұйымдастырады. Өтінішті қарау процесі заңнама талаптарына сәйкес жүргізілетін болады», - делінген министрліктің мәлімдемесінде.
Естеріңізге салсақ, биыл еліміз бірыңғай уақыт белдеуіне көшті. Өзгеріске қарсы шыққан қазақстандықтар бұрын қолданыста болған уақыт белдеуін қайтару жөніндегі петиция жариялады.
Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев петицияға қатысты түсінік берген болатын.
Ақпарат көзі: kaz.inform.kz
Фото: ашық дереккөз