Қазақстандағы азық-түлік бағасын кім реттейді?

– Сауда және интеграция министрлігі Ұлттық экономика министрлігімен және басқа да мүдделі органдармен бірге бір ай ішінде сауда министрлігіне азық-түлік тауарларының бағалары мен таралуын үйлестіру жөніндегі уәкілетті органның функцияларын беру туралы ұсыныстар енгізеді, – деді Қазанбаев үкімет отырысында.
Сондай-ақ, бір айдың ішінде салалық мемлекеттік органдар мен ұйымдар арасындағы өзара іс-қимыл регламенті әзірленетін болады.
Сауда министрлігі азық-түлік тауарларының ағыны мен бағасын бақылау мен болжаудың тиімді жүйесін құруға ниетті. Вице-министрдің айтуынша, бұл мемлекетке нарық конъюнктурасы мен бағаның өзгеруіне дер кезінде және жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.
Еске салсақ, мемлекет басшысы 1 қыркүйекте өз жолдауында Қазақстандағы азық-түлік бағасының өсу жағдайы туралы айтты. Ол жауапкершілікті шектеуді және бағаға біркелкі бақылауды қамтамасыз етуді тапсырды.