Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Алдағы күзде азық-түлік қымбаттай ма?

Алдағы күзде азық-түлік қымбаттай ма?

Жыл басынан бері елі­мізде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік 5,7 пайызға қымбаттаған. Алдағы күз­де баға 6-7 пайызға өсуі мүмкін. Бұл туралы Сауда және интеграция вице-министрі Азамат Асқарұлы мәлімдеді.
Оның айтуынша, елімізде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының 9,1 немесе 7 пайызға дейін қымбаттаған кездері болған. Карантин уақы­­тында шекті бағаларды бекіту арқылы бағаны ұстап тұ­руға қол жеткізілді. Бірақ бұл нарық­тық шара емес. Сондықтан карантиннен кейін шекті бағалар алып тасталды.
«Жергілікті орындарда азық-түлік бағасын реттеу әкім­дік­тердің құзыретінде екенін білесіздер. Егер күзде әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасы өссе – Сауда және интеграция министрлігі шекті бағаларды қоюға дайын. Ең бастысы, азық-түліктің қазіргі көлемі жеткілікті. Сондықтан біз бағаның өсуін 6-7 пайыздық деңгейде күтіп отырмыз», – деді Азамат Асқарұлы ОКҚ-да өткен онлайн брифингте.
Вице-министр республикада әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің 19 түрі бойынша түсім жақсы екенін айтады. Фер­мерлерге ең алдымен ішкі на­рықты толтыру мен ел ішінде ар­зан бағаға сатуды жүктей оты­рып, азық-түлік тауарларын арзан­датуға қол жеткізілмек.
https://aikyn.kz/
29 шілде 2020 ж. 675 0