Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Кондиционер астында ұйықтау қауіпті ме?

Кондиционер астында ұйықтау қауіпті ме?

Дәрігер Станислав Ионов "Известия"-ға кондиционер астында ұйықтаудың қаупі жайлы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Кондиционер астында ұйықтайтын адамдарда ауырып қалу қаупі бар. Бұл немен байланысты? Адам денесінің температурасы тәулік бойы циркадты ырғақтармен, "күн-түн" биологиялық ырғақтарымен реттеледі. Оған қоса, күндіз ол бұлшықет және ақыл-ой жүктемесінің есебінен жоғары болады. Ал ұйқы кезінде ол шамамен бір градусқа түседі. Егер бөлмедегі ауа температурасын +15, +17, тіпті, +19 градусқа дейін салқындаса, жылу беру күшейеді. Дене температурасы қосымша түседі. Ал ол салқын тиюге және басқа да жағымсыз салдарларға әкелуі мүмкін. Адам таңертең тұрғанда жөтеліп және мұрны бітеліп тұруы мүмкін", – дейді ол.

"Ғимарат ішіндегі қолайлы температура - +20...+22 градус. Кондиционерді осылай қою керек. Бұл жағынан вентилятор қауіпсіздеу. Себебі ол ауа температурасын түсірмейді, ауа ағынын түрлендіру арқылы денені суытады", - дейді Ионов.

Тұмауратып қалуға әкелетін тағы бір қателік - кондиионерлерді кереуеттің айналасына (үстіне немесе қарама-қарсы) ораналстыру.

"Олай жасамаңыз, себебі ауаның тіке ағыны жылу беруді арттырады және суық тиюге әкелуі мүмкін. Жатын бөлмедегі кондиционерді кереуеттен алыс қойған жөн", - дейді маман.

Сурет: kaz.tengrinews.kz
09 шілде 2024 ж. 117 0