Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Тамыз айында ел азаматтары неше күн демалады?

Тамыз айында ел азаматтары неше күн демалады?

Тамызда елімізде Конституция күні атап өтіледі. Осыған орай ел азаматтарының демалыс күніне тағы бір күн қосылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

30 тамыз – Қазақстанда Конституция күні. Биыл 30 тамыз жұма күніне тура келіп тұр. Осылайша аптасына бес күн жұмыс істейтіндер 30, 31 тамыз және 1 қыркүйек демалады. Ал алты күн жұмыс істейтіндер 30 тамызда демалып, 31 тамызда жұмыс істеп, 1 қыркүйек жексенбі болуына байланысты қайта демалады.

Бұдан бөлек 3, 4, 10, 11, 17, 18, 24, 25 тамыз күндері − демалыс.

Сурет: ашық дереккөз 
10 шілде 2024 ж. 153 0