Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аққұмның ажары айшықты

Аққұмның ажары айшықты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылдың қараша айында «Ауылдық аумақтарды дамыту» жөнінде тұжырымдама әзірлеу туралы Жарлыққа қол қойған еді. Президенттің осы тапсырмасын орындаған Үкімет күні кеше Ауылдық аумақтарды дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасын әзірлеп, бекітті. «Ауыл-аймақты дамыту үшін шағын шаруашылықтарды қолдау өте маңызды. "Ауыл аманаты" бағдарламасының елге қажет екені айқын көрінді. Оның келесі кезеңінде жеңілдетілген несие берумен шектеліп қалмау керек. Жеке қосалқы шаруашылық иелері өзара бірігуі қажет. Осыған қажетті жағдай жасалуы керек», - деді Мемлекет басшысы.
Расымен де, тәуелсіздік жылдары ауылға да, ауыл шаруашылығы саласына да айтарлықтай назар аударылған болатын. Дегенмен сол кезде ауылды дамыту үлкен мәселеге айналып кеткені белгілі. Осы тұста бұл жағдайды ескерген Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл жолы әуелі тұғыры мығым тұжырымдама дайындап алып, ауылды дамыту ісін соның қағидалары мен негіздерінен ауытқымай іске асыруды көздеген болар. Осы тұста бүгінгі мақаламызға арқау болып отырған Арал ауданына қарасты, Аққұм ауылдық округі, Шижаға елді мекені туралы сөз қозғамақпыз.
Аққұм ауылдық округі 1957 жылы бой көтерген. Атаулы ауылға 2 елді мекен қарайды. Атап өтер болсақ, Шижаға және Күршек елді мекендері екен. Жалпы ауылдық округтің жер көлемі 89 827 гектарды құраса, сонымен бірге мұнда 418 отбасы, 2 300 халықы бар.
-Ауыл халқының негізгі кәсібі мал шаруашылығы екені анық. Сондай-ақ ауылдық округте тұрғындардың әл-аухатын жақсарту мақсатында тың бастамалар қалыптастырылып, тұрғындардың қажеттілігін өтеу, тұрмыс-тіршілігін жақсарту, жұмыспен қамту және де кәсіпкерлікпен айналысуға мүмкіндік жасау деген секілді жұмыстар жүйелі жүргізіліп келеді,-деді ауылдық округ әкімінің уақытша міндетін атқарушы Айнұр Көбесова.
Сусыз тіршіліктің жоқ екені анық. Иә, су адам баласы тіршілігіндегі ең қажетті деген дүниелердің бірі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында: "Су ресурсы еліміздегі өзекті мәселелердің бірі. Әсіресе, судың сапасы және оның халыққа қолжетімді болуы аса маңызды болып тұр. Жалпы, біз — трансшекаралық су көздеріне тәуелді елміз. Еуразия құрлығындағы өзендер мен каналдар — баршамызға ортақ табиғат байлығы. Осы су көздері біздің халықтарымызды, экономикамызды жақындастырады. Сондықтан көршілес әрі достас елдермен бұл мәселе бойынша әрдайым өзара түсіністікке және келісімге келу керек. Жан-жақты ойластырылған су саясатын жүргізу, трансшекаралық суларды пайдалану мәселелерін шешу — Үкіметтің алдында тұрған аса маңызды міндеттер"-дегее болатын.
Осы тұрғыда ауылдық округ 2018 жылы сумен қамту жүйелерін қайта жаңғырту және кеңейту жұмыстарына «Нұрлы жол» бағдарламасы арқылы Ұлттық қордан қаржы бөлініп, Шижаға елді мекені толықтай дерлік ауыз сумен қамтамасыз етіліп, көпшілік игілігін көруде.
-Бүгінгі дамыған заманда ауылдық округтерде де құрылыс саласы қарқынды дамып келеді. Жыл сайын жаңа нысандар бой көтеріп, халық игілігіне пайдаланып жарап жүр. 2019 жылы Шижаға елді мекенінің Мәдениет үйінің құрылысына облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, Бекұзақ Тәңірбергенов атындағы Шижаға мәдениет үйі пайдалануға берілді. Сонымен бірге жеке кәсіпкердің демеушілігімен өз қаражаты есебінен «Туған жерге тағзым» аясында Шижаға ауылының орталығынан аллеяның құрылысын бастап, атаулы Тағзым алаңын 2019 жылы мамыр айынан бастап пайдаланылып келеді,- деді Айнұр Әзенқызы.
Әрине, тұрғыны бар, дамып жатқан жерге медициналық көмектің де керегі белгілі. 2020 жылы Мемлекеттік жекешелік әріптестік аясында Шижаға ауылдық округінде амбулатория құрылысы облыстық бюджеттен қаражат бөлініп, жаңа емхана бой көтерген екен. Сондай-ақ жеке кәсіпкердің демеушілігімен осы 2024 жылы елді мекен орталығынан 145 орындық жеке балабақша пайдалануға берілген.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт.Берекелі қоғам» атты Жолдауында білім саласындағы басты мәселе – орта білім жүйесін жетілдіру, ал орта білімнің сапасы – табысты ұлт болудың маңызды шарты екендігін айта келе, әрбір оқушының сапалы білім алып, жан-жақты дамуы үшін жағдай жасалуы керектігін баса айтқан еді.
Ауылдық білім беруді қолдаудағы басты мәселе – жақын маңдағы ауыл мектептері үшін демеу болар тірек мектептерді көтеру. Атаулы ауылдық округте 1 орта мектепте 500-ден астам оқушы білім алады. Сонымен қатар екі ауысымда оқылатын білім ордасында 68 педагог, 5 зерттеуші, 21 сарапшы, 22 модератор, 2 МАД тобы және де 34 техникалық қызметкер жұмыс істейді.
Қазіргі кезде баяғыдай қараңғы көшеге толы ауылды көзіміз шала бермейді Барлық дерлік ауыл көшелері жарықпен қамтамасыз етіліп, адам қауіпсіздігі де азайған. Аққұм ауылдық округі бойынша барлық тұрғын үй мен мемлекеттік мекемелер толықтай жарықпен қамтылған.
Елімізде кәсіп ашамын деген азаматтарға мемлекет тарапынан біршама мүмкіндіктер қарастырылған. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында кәсіпкерлікті жүйелі қолдаудың жаңа тәсілдері енгізілуі тиіс екендігін айтқан болатын. Сонымен бірге Мемлекет басшысы мемлекет қаржылай қолдау жасаған кезде бәсекеге қабілетті шағын және орта бизнес өкілдеріне баса мән беретінін атап өтті.
-Аққұм ауылдық округінде бүгінде кәсіпкерлік қанаты кеңейіп, ел кәсіп саласына бет бұрған. Мұнда өткен 2023 жылдан бастап, 2,5 пайызбен берілетін халықтың табысын арттыруға арналған пилоттық жоба аясында ауылдық округ бойынша 3 жоба мақұлданып, атап өтер болсақ, «Брусчатка басып шығару», «Шағын наубайхана ашу» және де «Пластикөнімдерінен терезе шығару» мақсатында өз кәсіптерін дамытуда,- деді маман.
Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық жобасы аясында жаңа бизнес идеяларды іске асыру үшін биылғы жылы қайтарымсыз грант жеңіп алып, бүгінде 4 адам өз кәсіптерімен айналысып келеді екен.

А. НҰРЛАНОВА
31 шілде 2024 ж. 92 0