Балалар ойын алаңы жаңғыртылды

Осы орайда Арал ауданы, Қамыстыбас ауылында «Арал әйелдері» қоғамдық бірлестігі «Менің дамыған ауылым» атты жобаны жүзеге асыруда.
Жобаның негізгі мақсаты - «Қамыстыбас» ауылындағы жергілікті өзін-өзі басқарудағы халықтың рөлін арттыру, ауыл тұрғындарының өмір сүру деңгейін көтеру үшін жергілікті маңызы бар мәселелерді сапалы шешуге тұрғындардың қатысуы арқылы дамыту.
Жобаның ауылдағы негізгі серіктесі Қамыстыбас ауылдық округінің әкімдігі болып табылады. Жобаның негізгі шаралмары мен қадамдары ауылдың даму жоспарымен негізделіп, әкімдіктің қолдауымен жүзеге асырылуда.
Жоба аясында «Арал әйелдері» қоғамдық бірлестігі және Ауыл әкімдігінің ұйымдастыруымен ауылдағы тозығы жетіп тұрған балалар алаңы жөндеуден өткізілді. Жөндеуге бөлінген жеті жүз мың теңге қаражаттың аздығына байланысты ауыл әкімдігінің ұйымдастыруымен қол күші жұмылдырылып, балалар алаңы қайта балалардың демалыс орнына айналды, - дейді «Арал әйелдері» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Бақытжамал Жүгінісова.
Сонымен қатар, жоба барысында ауыл тұрғындарына бизнес-бастауға 7 шағын грант беріліп, «Бизнес негіздері» тақырыбында оқыту тренинг жүргізілді. Жоба командасы әрі қарай да осы жобалардың табыстылығын арттыру мақсатында қолдау көрсетуде.
Жобаны Евразия қоры жүзеге асыратын, АҚШ-тың даму агентігі (USAID) қаржыландыратын Орталық Азиядағы Әлеуметтік Инновациялар бағдарламасының қолдауымен «Арал әйелдері» қоғамдық бірлестігі жүзеге асыруда.
kyzylorda-news.kz