Тарихи сәттің куәгері болу да бақыт

Әсіресе ауылдарды дамыту туралы айтқан сөзі маған ерекше әсер етті. Өзім ауыл баласы болған соң ба, қайдам, бұл өзді естіп марқайып қалдым.
- Мен сайлау алды сөздерімде ауылды өркендету ісіне баса назар аудардым. Бүгінде Қазақстан халқының қырық пайызға жуығы ауылда тұрады. «Ауыл ел бесігі» деген халқымыз бекер айтқан жоқ. Сондықтан ауылдағы жағдайды жақсарта алмасақ, бәрімізге сын. Сол үшін мен бүгін ауылды дамыту мәселесі туралы жарлыққа қол қоямын, - деді президент ұлықтау сәтінде.
Шынымен де ауылдың дамуы ол бүкіл елдің дамуы екендігі ақиқат. Ауылда тұрмыс кешіп жатқан қарапайым халық еңбекшіл, кең пейіл. Олар барға қанағат етіп, өз тірліктерін дамытып отырған жандар. Шалғайдағы халықты ойлап, ауылдарды өркендетуді қолға алып отырған мемлекет басшысының алдағы президенттік қызметінде ел мүддесі жолындағы игі істер болатындығына сенемін.
Еркебұлан АЯҒАНОВ,
Облыстық мәслихат депутаты