Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Сайлау ашық, әрі әділ өтті

Сайлау ашық, әрі әділ өтті

20 Қараша – Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы өткен болатын. Барша қазақ халқы болып тағатсыз күткен күн де өз мәресіне жетіп, әр азамат өз таңдауын жасады. Бұл саяси науқанға барлық дерлік тұлға белсенді түрде қатысып, ел болашағын құруда өз үлестерін қосты. Өткен сайлау ашық, әрі әділ өткендігін бүгінгі ұлықтау рәсімінде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та айтқан еді.
«Конституцияға сәйкес билік тармақтары түгел жаңғыртылады. Осындай жаңа саяси маусымды Президент сайлауы бастап берді. Сайлау науқаны 3 айға жуық уақытқа созылды. Осы кезеңде еліміздің болашағы туралы түрлі мазмұнды пікірталастар болды. Жұртымыз өз болашағына бей-жай қарамайтынын көрсетті. Азаматтық қоғамның кемел институтқа айналғаны айқын аңғарылды. Саяси алаңға жаңа тұлғалар шықты. Осылайша, халқымыз 20 қарашада өз таңдауын жасады», - деді Қасым Жомарт-Тоқаев.
Сонымен қатар «Бұл – байқаушылардың, сарапшылар мен журналистердің берген бағасы. Ел-жұрттың белсенділігі ерекше жоғары болды. Кейбір азаматтар бүкіл отбасымен келіп, дауыс берді. Бұл науқан ел мүддесі үшін ұлт болып біріге алатынымызды көрсетті. Бабаларымыз қай заманда да бірлігін бәрінен биік қойған. Біз ата жолын сақтай білген, заманауи және өркениетті ел екенімізді бүкіл дүние жүзіне паш еттік. Бірлігіміздің бекемдігін тағы да дәлелдей алдық. Осы сайлауда жұртымыз маған зор сенім білдірді», - деді Президент.
Мен де өткен сайлауда өз таңдауымды жасап, Жаңа Қазақстанды бірге құруға ықпалымды тигізген болатынмын.

Гүлнар Әнапияева,
ардагер ұстаз


26 қараша 2022 ж. 313 0