Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Барлығы ел болашағы үшін

Барлығы ел болашағы үшін

Көптен күткен саяси науқан да өз мәресіне жетті. Барша қазақ елі Ата Заңымызға енгізілетін түзетулер мен толықтыруларды қолдай отырып, ел болашағы үшін үлкен қадам жасады. Сонымен бірге бүкіл ел бойынша 76,7 пайыз адам Конституциядағы өзгерістерді қолдады. Әрине, бұл жақсы көрсетіш.
Ауданда  өткен референдумға жалындаған жастардан бастап, еңкейген қартымызға дейін белсенді қатысты. Референдум барысында халыққа тегін автокөліктер қызмет көрсетіп, қатысушыларға сый-сияпаттар табысталды. Сонымен бірге кәмілет жасқа толған жас буын да саяси өзгерістерге үлес қосты. Сол жастарымыздың бірі – Айдархан Жайылғанов өз таңдауын жасай отырып:
Бұл менің кәмілет жасқа толып, бірінші рет дауыс беруім. Іштей аздап қобалжу болды, бірақ еліміздің болашағы мен үшін маңызды. Ең алғаш Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 5 маусым күні референдум өтетінін мәлімдегенде міндетті түрде қатысуға шешім қабылдадым. Бұл әр азаматтың басты міндеті болып табылады. Себебі ел болашағын дамыту осы референдумға тікелей байланысты емес пе?! Сол үшін әрбір тұрғын өз таңдауын жасауы керек деп ойлаймын. Бүгінгі референдум әділ өтті. Заңға қайшы келетін әрекеттер де орын алмады,– деп еліміздің өсіп-өркендеуіне сенім білдірді.
Міне, «Жаңа Қазақстанды» құру жолында қалың бұқара қатары белсене қатысты. Соның ішінде жастар жағы басым. Себебі бүгінгі жастар – ертеңгі ел болашағын құрушы күш. Мемлекетіміздің іргелі дамуы тек бір адамның ғана емес, барлығымыздың қолымызда екендігі анық.

А. НҰРЛАНОВА
06 маусым 2022 ж. 578 0