Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аралда жаңа жобалар басталуда

Аралда жаңа жобалар басталуда

Кеше Арал ауданының әкімі Серік Сермағамбетов жұмыс сапарымен бірнеше ауылдарды аралады. Аудан басшысы алдымен Аманөткел ауылдық округіне қарасты Аққұлақ елді мекенінде болып, жол құрылысының барысымен танысты.
Ауылдықтардың ұзақ жылдан бері көтеріп келе жатқан өзекті деген жол мәселесі биыл шешімін табуда. Жалпы ұзындығы 8 шақырымды құрайтын ауылға кіре беріс автомобиль жолының қаржысы республикалық бюджеттен қолдау тауып, жеңімпаз мердігер мекеме анықталды. Жобаның жалпы құны – 688,4 млн. теңгені құрайды. Қазіргі уақытта тиісті жұмыстарды атқаруға бюджеттен Республикалық бюджеттен 205 млн. теңге қаржы бөлінді. Құрылысты «Строй Модуль – Астана» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізетін болады.
Ауыл ақсақаладары ел үшін ақжолтай жаңалыққа ризашылығын білдіріп, батасын берді. Өз кезегінде аудан әкімі Серік Сағитжанұлы жауапты бөлімге құрылысты сапалы әрі уақытылы орындауды тапсырды.
Мұнан соң аудан әкімі Жаңақұрылыс ауылдық округіндегі 21 шақырымды құрайтын «Самара-Шымкент-Қамыстыбас-Аманөткел-Жаңақұрылыс» автожолының құрылыс барысын бағамдады. Бұл нысанның жұмыстары 2021 жылы бастау алған. Жобаның жалпы сомасы 1 млрд. 534 млн теңгені құраса, тиісінше 2021 жылы 225 млн теңге, 2022 жылы 680 млн. теңге бөлінсе қалған 458 млн теңгесі биыл қаралған. Бүгінде жолдың астыңғы қабат жұмыстары толығымен аяқталып, қазіргі таңда қалған жұмыстар жалғасуда. Ағымдағы жылы автожол пайдалануға беріледі.
Жұмыс сапары барысында аудан әкімі С.Сермағамбетов 2022-2024 жылдарға арналған «Ауыл шаруашылығын дамытудың Жол картасының» орындалуын саралады. Соған сәйкес бүгінде ауданда ілкімді істер атқарылуда. Мәселен 2022 жылы ауданда 704,2 гектар егін орналастырылса, биыл егін көлемін 1500 гектарға арттыру көзделуде. Аталған жол картасына орай Қамыстыбас пен Аралқұм ауылдық округтері әкімдіктері бірлесіп Қамыстыбас көлінен Тоқпай көлін толтыру бағытында жасалған каналдың жұмысымен танысты. Бұл гидронысан бюджеттен тыс қаржы көздерінен, яғни кәсіпкерлердің қолдауымен жүзеге асқан. Нәтижесінде Аралқұм ауылдық округі тұрғындарының егін шаруашылығымен және тоғанды балық шаруашылығымен айналысуына мүмкіндік туындауда. Тиісінше бекітілген жерлерді игеруге инвестор тарту көзделуде. Аудан әкімі ауыл тұрғындарыммен кездесуде іске қосылған канал арқылы ендігі кезекте ауыл шаруашылығымен айналысатын шаруалардың көбейетіндігін жеткізді. Сондай-ақ диханшылықпен айналысамын деушілерге мемлекеттік қолдаулар мен бағдарламалардың тиімділігін түсіндіріп, баға тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында жергілікті өнімнің маңыздылығына тоқталып, ауылдықтардың бастамаларына сәттілік тіледі.

Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
04 наурыз 2023 ж. 306 0