Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » АУДАН ӘКІМІ АУЫЛДАРДЫ АРАЛАП, ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ

АУДАН ӘКІМІ АУЫЛДАРДЫ АРАЛАП, ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Аудан әкімі Серік Сермағамбетов жұмыс сапарымен Жаңақұрылыс ауылдық округінде болды. Онда аудан әкімі жуырда ғана құрылыс жұмыстары жүргізілген «Нұралы-Жарма» каналына барды.
Айта кетейік, үстіміздегі жылдың маусым айында басталған гидронысан қараша айының басында толықтай іске қосылды. Ондағы мақсат ауылдың сумен қамтамасыз етілуін және экологиялық жағдайын жақсарту, жайылымдық, шабындық жерлерді суландыру. Нәтижесінде 700 метрге жуық канал бойы қазылып, тазартылды. Атқарылған жұмыстарға ауыл тұрғындары ризашылығын білдіріп, ендігі кезекте мал азығы қорын молайтуға, егін шаруашылығымен айналысуға аталған су құрылығысының көп көмегі тиетіндігін жеткізді.
Осыдан кейін аудан әкімі, «Самара-Шымкент-Қамыстыбас-Аманөткел-Жаңақұрылыс» бағытындағы автожолдың құрылыс барысымен танысты. Қазіргі таңда нысанның астыңғы қиыршық тас төсеу жұмыстары жүргізілуде. 21 шақырымды құрайтын автомобиль жолының құрылысы келер жылға өтпелі болып табылады. Аудан әкімі Серік Сағитжанұлы құрылыс жұмыстарының сапалы орындалуын қадағалауды жауапты бөлімдерге тапсырды.
Аудан әкімі жұмыс сапары барысында Қаратерең ауылдық округінде болып, тұрғындармен кездесті. Серік Сағитжанұлы халықпен басқосуда аудан көлемінде жыл басынан бері атқарылған жұмыстарды тізбектеп, жасалған жемісті жұмыстар туралы баяндады. Тұрғындар өз кезегінде шабындық жер, жарық мәселесін қозғап, жедел-жәрдем көлігінің қажеттігін жеткізді.
Аудан әкімі С. Сермағамбетов жарық мәселесін шешу үшін тиісті шаралар атқарылып, қолданыстағы трансформаторды балансқа алу жұмыстары жүргізіліп электрмен жабдықтаушы, қызмет көрсетуші мекемелерге арнайы тапсырмалар берілгендігін айтты. Сондай-ақ шабындық жер мәселесі бойынша кәсіпкерлер алдымен жергілікті қоғамдастықтың оң шешімін алу арқылы ғана жерді арендаға алуға болатындығын жеткізіп, алдағы уақытта мұндай мәселелер орын алмауы үшін жауапты бөлімдерге тиісті шаралар қабылдауды тапсырды. Ал жедел-жәрдем көлігін алу үшін ұсыным берілген, денсаулық нысанын қажетті автомобильмен қамту мақсатындағы жұмыстар ұдайы назарда екендін тілге тиек етті.
Аудан әкімі Серік Сағитжанұлы «Бөген-Ақлақ» автомобиль жолының орташа жөндеу жұмыстары барысын саралады. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары жүргізіулде. Нысан келесі жылға өтпелі.
16 қараша 2022 ж. 404 0