Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі шабындық алқабына барып, каналдарды жөндеу жұмыстарын бақылады

Аудан әкімі шабындық алқабына барып, каналдарды жөндеу жұмыстарын бақылады

Аудан әкімі С. Сермағамбетов Сырдария өзені бойындағы ауылдық окургтерге жасаған сапары барысында егістік,шабандық алқаптарында болып, каналдарға жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарын бақылады.
Алдымен Бөген ауылдық округіндегі жеке кәсіпкердің өз есебінен салып жатқан балабақша құрылысын көрді. Бүгінде ауыл ішінен бой көтерген нысанның ішкі жұмыстары жасалуда. Атап өтейік ғимарат қабырғалары жергілікті жердің өнімі Қамыстыбас ауылдық округінен шығарылып жатқан полистиролбетоннан қаланған. Ғимарат ішін аралап көрген аудан басшысы кәсіп иесінің жұмыстарына сәттілік тіледі.
Одан соң Бөген- 2016» ауылшаруашылығы өндірістік кооперативінің егістік алқабына барды. Мұнда шаруалар көктем мезгілінен бастап еккен бақша дақылдарымен көкөніс түрлерінен өнім ала бастауда. Аудан әкімі егістік жерлерді аралап, алдағы уақытта молырақ суарылуы үшін тиісті жұмыстар жүргізуді тапсырды.
Одан соң «Ақлақ»су тоспасындағы басталып жатқан жөндеу жұмыстарын көрді. Қазіргі таңда су тоспасының келер су бөгелуде.
Бұдан бөлек Қаратерең өңіріндегі «Сарша» шабындық алқабына барып, шөп шабу жұмыстарына куә болды. Тоғыз мың гектар жерді алып жатқан аймақта өскен пішенді алдымен ауыл тұрғындары қажетінше орып алған. Ал қазір ауылшаруашылығы өндірістік кооперативінің техникалары шөпті орып, престеуде.
Мұнымен бірге «Жыланды» каналының жағдайы мен Жаңақұрылыс ауылдық округіндегі «Нұралы жарма» каналына жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарын бақылады.
Жергілікті жердегі шабындық алқаптардың суарылуы үшін септігі мол каналдың өткен жылы арнасы кеңейтіліп,тазаланған.
Ал «Нұралы жарма»каналын жөндеу барысында бір шақырым қорғаныс бөгеті соғылып, сағасына 3 көзді су тоспасы салынып, арнасы тазаланатын болады. Қазір канал сағасына салынатын су тоспасының қапталын бетондап құю жұмыстары жүргізілуде. Аудан басшысы құрылыс басында мердігер мекеме басшысымен кездесіп, халық үшін аса маңызды нысан құрылысының сапалы жүргізілуі қажеттігін айтты.
Елді мекендерге жасаған сапары барысында аудан әкімі құрылысы басталған «Бөген-Ақлақ» автожолы мен «Жаңақұрылыс-Аманөткел» бағытындағы жолда жүріп жатқан жұмыс барысында көрді. Бұл жолдардың тұрғындардың қатынасы үшін маңыздылығына тоқталған аудан басшысы мердігер мекеме басшыларына жөндеу жұмыстарын талапқа сай жүргізіп, уақытылы аяқтауды тапсырды. Бөген – Ақлақ бағытында асфальт жабындысы, Жаңақұрылыс-Аманөткел бағытындағы жолға қиыршық тас төселеді. Қазір екі жол да тегістеліп, кезекті жұмыстарға әзірленуде.
Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі
20 тамыз 2022 ж. 582 0