Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі егіс алқабында болды

Аудан әкімі егіс алқабында болды

Аудан әкімі С. Сермағамбетов ауданның Сыр беткейіне жасаған сапары барысында «Жамбыл» шаруа қожалығының егістік алқабында барды.
Өткен жылы өңірдегі қуаңшылық қиындығын еңсеру мақсатында «Жамбыл» ауылшаруашылығы өндірістік кооперативіне МТЗ-80 техникасы барлық құрылғыларымен бірге алынып берілген болатын. Бұл техниканың бұған дейін шабындық алқаптарындағы шөпті ору үшін тигізген пайдасы зор болды.

Көктем мезгілінен бастап шаруақожалығы аталған техникамен 12 гектар жерді жыртып, бақша дақылдарын орналастырған болатын. Жаз бойы күтіп-баптау нәтижесінде қазір қауын-қарбыз, жуа, сәбіз, картоп, асқабақ дақылдары өнім беруде. Тағы бір айта кетерлігі егістік алқаптары трактор техникасы арқылы суарылуда. Алғашқы өнімдерін ала бастаған шаруа қожалығы алдағы уақытта жер көлемін ұлғайтуға ниетті. Егістік басында болған аудан әкіміне шаруаларға еңбегінің берекесін көруіне тілектестік білдірді.

Мұнан кейін аудан басшысы Аманөткел өңіріндегі «Ақшақыз» және Жаңақұрылыс ауылдық округіне қарасты «Ералы» каналына жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарын көрді. Ақшатау көлдер жүйесін суландыру үшін маңызы зор «Ақшақыз» каналын жөндеу жұмыстары жақын арада бастау алды. Каналдың 8,6 шақырымы қазылып, тазаланып, арнасы ұлғайтылады. Мұнымен қоса, су реттеуге арналған бір көзді су тоспасы салынатын болады.

Ал шабындық алқаптарды суландыруға арналған «Ералы» каналын тазалау жұмыстары өткен жылы басталды. Қазір каналдағы құрылыс аяқталуға таяу.
Аудан әкімі ауылдық округ әкімдеріне каналдарды тазалау жұмыстарының сапалы жүргізілуін бақылауды тапсырды.

Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі

16 тамыз 2022 ж. 493 0