Аудан әкімі дария бойындағы жағдайды бақылады

Бұдан бөлек ауылдық округ әкіміне «Хан» қалқымалы көпірінің жағдайын қадағалауды және «Бұрмақұлақ» арнасымен «Аспай» су ағытқысындағы су деңгейі мен бөгелген аймақтардың жағдайын арнайы кезекшілік ұйымдастыру арқылы күнделікті бақылауда ұстау қажеттігін айтты.
Мұнан кейін аудан басшысы Аманөткел ауылдық округінде «Ауыл - ел бесігі» жобасы аясында салынып жатқан денешынықтыру және сауықтыру кешенінің құрылысымен танысты. Құрылыс алаңында мердігер мекеме өкілі биылғы жылы атқарылатын жұмыстардың барысын түсіндіріп өтті. Қазіргі таңда нысанның іргетасы құйылып біткен, жылу қазандығының құрылысы аяқталған. Қабырғаларын тұрғызуға дайындық шаралары жасалуда. Құрылыс жұмыстарын «Нұр- техсервис» ЖШС жүргізуде. Аудан әкімі мердігер мекеме өкіліне барлық жұмыстардың сапалы әрі тиянақты жүргізілуін қадағалауды тапсырды.