Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Іссапар Сыр беткейде жалғасты

Іссапар Сыр беткейде жалғасты

Аудан әкімінің ауылдық округтердегі бүгінгі сапары Ақбасты елді мекеніндегі тұрғындар арасында «Бурабай» аталып кеткен ыстық су ұңғымасынан басталды.

Ауданда орын алған қуаңшылық жағдайына байланысты мал жайылымдарын суландыру мақсатында, елді мекеннен су ұңғымасын қазу қажеттілігі туындаған болатын.

Елді мекенге жаңадан қазылатын су ұңғымасының құрылысын бастау шарасына қатысқан аудан басшысы барлық жұмыстардың сәтті жүргізілуіне тілектестігін білдірді. Атап өту қажет, аталған су ұңғымасына қажетті қаржы көлемі және жоба сметалық құжаттары облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасы тарапынан жүргізілді.

Одан соң ауыл ардагерлерімен жүздесіп, өңірдегі өзекті мәселелер туралы пікірлесті. Сонымен қатар елді мекендегі №22 орта мектебіне барып, білім ошағының жылу беру маусымына дайындық барысымен танысты.

Аудан әкімі Қаратерең ауылдық округіне де ат басын бұрып, алдымен № 82 орта мектебінің жылу беру маусымына дайындық жұмыстарын бақылап шықты. Мектеп ғимараты алдында ауыл тұрғындарымен кездесіп, қуаңшылық жағдайына байланысты атқарылған жұмыстар жөнінде пікірлесті. Атап өтейік, Ауылдық округтегі 180 отбасына Б.Өтемұратовтың жеке қорынан 18,1 тонна жем тегін таратылды.

Аудандағы қуаңшылықты еңсеру бағытындағы межеленген бірден бір басты жұмыс Аманөткел ауылдық округіндегі Бұрмақұлақ арнасын бөгеу және Аспай суағытқысын іске қосу болатын. Қазіргі таңда Ақшатау және Қамыстыбас көлдер жүйесін суландыру жұмыстарының маңыздылығы ескеріліп, «Бұрмақұлақ» учаскесінде бөгеу және ескі «Аспай» су ағытқысын жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бүгінде бұл жұмыстар толықтай аяқталып, іске қосылды.

Аудан әкімі Бұрмақұлақ учаскесінде жағдайды көзімен көрген соң, дария бойындағы су деңгейінің күнделікті артуына байланысты қорғаныс бөгеті зақымдануын ескеріп, соған байланысты қорғаныс бөгеттерінің әлсіз тұстарын шұғыл қайта қалпына келтіру жұмыстарын күшейтуді тапсырды.

Сапар барысында Райым ауылдық округіндегі Бектау каналына жүргізіліп жатқан тазалау жұмыстары да аудан әкімінің назарынан тыс қалмады.

Осы алқаптағы шабындық және жайылымдық жерлерді суландыру үшін бұл каналдың маңызы зор. Мердігер «Казсервис» ЖШС-і мекемесі арқылы жүргізілген канал арнасын тазалау жұмыстары бүгінде толықтай аяқталды. Қазіргі таңда "Бектау" каналына арнайы су тоспасын салу жұмыстары жүргізілуде.



Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

11 қыркүйек 2021 ж. 510 0