Аудан әкімі Сыр беткейдегі елдің тыныс-тіршілігімен танысып қайтты

Одан әрі ұзындығы 20,52 шақырымды құрайтын «Бөген-Ақлақ» бағытындағы жол жөндеу жұмыстарымен танысты. Бүгінде аталған жолдың қиыршық тас төсеу жұмыстары аяқталған болса, алдағы уақытта жолдың 10 шақырымын асфальттау жұмыстары жоспарлануда.
Аудан басшысы мұнан әрі өткен жылы бастау алған аудандық маңызы бар «Ақлақ-Қаратерең» бағытындағы 4,9 шақырым жолдың және жалпы ұзындығы 23,88 шақырымды құрайтын «Қаратерең-Жаңақұрылыс» бағытындағы жолдардың жөндеу жұмыстарымен танысты. Сонымен қатар, төселіп жатқан жолдардың сапасын бақылау мақсатында жол құрылысына жауапты мердігер «Строй модуль-Астана» ЖШС өкілдерімен кездесіп, қаржының тиімді игерілуі мен жол жөндеу жұмыстарының сапалы әрі мерзіміне сәйкес орындалуын тапсырды.
Сапар барысында ауданға қарасты Аманөткел ауылдық округі, Хан елді мекені тұсындағы көне қалқымалы көпірдің жай-күйі де назардан тыс қалмады. Қалқымалы көпірдің қазіргі жағдайымен танысқан аудан әкімі тиісті бөлімге ағымдағы жыл соңына дейін көпірді жөндеу жұмыстары үшін бюджеттік өтінім ұсынуды тапсырды.
Одан әрі аудан әкімі М.Оразбаев ауданға қарасты Райым ауылдық округі, Қызылжар елді мекеніне арнайы ат басын бұрып, жергілікті тұрғындармен кездесті. Кездесу барысында Қызылжар елді мекеніне кіреберіс жолдың төңірегінде туындаған мәселе бойынша пікірлесіп, мәселенің заң аясында шешілуі бағытындағы атқарылып жатқан жұмыстарды кеңінен түсіндіріп өтті.
Сонымен қатар елді мекендегі бірқатар әлеуметтік нысандарға бас сұғып, жұмыс барысы мен жылу беру жүйесінің жағдайын пысықтап қайтты.
Жұмыс сапары соңында Жетес би ауылдық округіне қарасты Ескіұра елді мекенінің кіреберіс жолының жөндеу жұмыстарына куә болып, жол сапасының стандарттарға сай төселуін қатаң ескертті. Аталып өткен кіреберіс жолдың жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігер «СтандартОйл КЗО» ЖШС жұмыстар ай соңына қарай толықтай аяқталатындығын жеткізді.
Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі



