Аудан әкімі жұмыс сапарымен ауылдық округтерде болды

Мұнан соң аудан басшысы Аманөткел ауылдық округінде «Ауыл - ел бесігі» жобасы аясында салынып жатқан денешынықтыру және сауықтыру кешенінің құрылысына барды. Құрылыс алаңында мердігер мекеме өкілі атқарылып жатқан жұмыстардың барысын түсіндіріп өтті. Қазіргі таңда нысанның іргетасы құйылып біткен, жылу қазандығының құрылысы толықтай аяқталған. Қабырғаларын тұрғызу жұмыстары жүріп жатыр. Құрылыс жұмыстарын «Нұр- техсервис» ЖШС жүргізуде.
Одан кейін аудан әкімі Қамыстыбас ауылдық округіндегі «Ауыл - ел бесігі» жобасы аясында салынып жатқан денешынықтыру және сауықтыру кешенінің құрылыс жұмыстарымен танысты. Бүгінде спорт кешенінің қабырғаларын тұрғызуға дайындық шаралары жасалуда, жылу қазандығының құрылысы аяқталуға жақын. Аудан әкімі мердігер мекеме өкіліне барлық жұмыстардың сапалы әрі тиянақты жүргізілуін қадағалауды тапсырды. Айта кетейік, құрылыс жұмыстарын «ДИАС - ҚҰРЫЛЫС РГ» ЖШС жүргізуде.







Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі