Ералы каналын қазу жұмыстары басталды

Осы ретте, бүгін ауданға қарасты Жаңақұрылыс ауылдық округіндегі Ералы каналының 5 шақырым арнасын қазу жұмыстары басталды. Облыстық жұмылдыру басқармасының тапсырысы негізінде, яғни, облыстық бюджет есебінен бастау алған аталмыш жұмыстарды «Сәд-Сервис» ЖШС-і қолға алды.
Аталған каналды тазалау нәтижесінде Ақбасты, Қаракөл көлдері мен Қаражар өңіріндегі 2500 гектар шабындық және жайылымдық жерлер суландырылатын болады.
Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі