Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Бектау" каналына су тоспасын салу жұмыстары басталды

"Бектау" каналына су тоспасын салу жұмыстары басталды

Биыл ауданда жауын-шашынның аз мөлшерде түсуі мен ауа температурасының өте жоғары болуы және Сырдария өзеніндегі су деңгейінің аз болуына  орай қуаңшылық жағдайы орын алған болатын. Бұл жағдай мал шаруашылығын дамытуға кері әсерін тигізгені белгілі.Осы орайда ауданымызда шілде айынан бастап қуаңшылық салдарын еңсеру бағытында төтенше жағдай енгізілді.
Табиғи сипаттағы төтенше жағдай кезеңінде қалыптасқан ахуалды реттеу бағытында шұғыл шаралар қабылданып, тиісті жұмыстарды жүзеге асыру бағытында жұмыстар қолға алынды.
Соның ішінде  Ақшатау және Қамыстыбас көлдер жүйесін, шабындық және жайылымдық жерлерді суландыру үшін Райым ауылдық округі, Қызылжар елді мекеніндегі Бектау каналының 660 метр жеріне арнайы тазалау жұмыстары жүргізілді.
Мердігер «Казсервис» ЖШС-і мекемесі арқылы жүргізілген канал арнасын тазалау жұмыстары бүгінде толықтай аяқталды. Қазіргі таңда "Бектау" каналына арнайы су тоспасын салу жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстар нәтижесімен 15 гектар аумақты қамтитын жайылымдық және шабындық жерлер суландырылмақ.

"Толқын" ақпарат
10 қыркүйек 2021 ж. 286 0