Каналдарды тазарту жұмыстарының маңызы зор

Бүгінде аудан аумағындағы «Қулы» және «Ақшақыз» каналдары Ақшатау мен Қамыстыбас көлдерін сумен қамтамасыз ететін болса, қалған 6 канал шабындық және егістік жерлерді суландыру үшін маңызды. Себебі алдағы жылы ауданда шөп әзірлейтін сервистік орталықтар құрылуы қажеттілігі туындауда. Қазіргі таңда «ҚазСуШар» РМК-мен бірге аталған каналдардың жоба-сметалық құжаттарын дайындау үшін ұсыныс енгізілді. Бұдан өзге «Нұралы жарма» каналына су шаруашылығы жұмыстарын жүргізу жобасы бойынша сәулет-жоспарлау жұмыстары атқарылуда.
Осы каналдарды тазалау нәтижесі Сырдария өзені бойындағы ірі көлдерді, 7350 гектар шабындық, 11900 гектар жайылымдық жерлерді суландыруға және аудандағы егістік көлемін 350 гектарға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде ауыл тұрғындары үшін мал азықтық шөптерін дайындауға және мал жайылымдарын жақсартуға жол ашпақ.

Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі