Көптен күткен жағымды жаңалық болды

Осы орайда ауданымызда шілде айынан бастап қуаңшылық салдарын еңсеру бағытында төтенше жағдай енгізілді.
Табиғи сипаттағы төтенше жағдай кезеңінде қалыптасқан ахуалды реттеу бағытында шұғыл шаралар қабылданып, тиісті жұмыстарды жүзеге асыру бағытында жұмыстар қолға алынды.
Соның ішінде Ақшатау және Қамыстыбас көлдер жүйесін, шабындық және жайылымдық жерлерді суландыру үшін Қызылжар елді мекеніндегі Бектау каналы тазалануда.
Біз қысқы мал азығын осындағы шабындық алқаптарынан дайындаймыз. Ертеректе мол су болған бұл каналға бірнеше жылдан бері су түспеген болатын.
Қазіргі таңда "Бектау" каналына арнайы су тоспасын салу жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстар ақталған соң 15 гектар аумақты қамтитын жайылымдық және шабындық жерлер суландырылмақ.
Осындағы халыққа бұл көп жеңілдік болады.Бектау каналы арқылы келер жылдары жайылымдық және шабындық алқаптарда мол шөп шығады деп сенеміз. Осы игілікті істі ұйымдастыруға атсалысқан азаматтарға алғысмызды білдіреміз.
Жомарт ҰЗАҚБАЕВ,
ауыл тұрғыны