Елді мекендердің мәселесі ұдайы назарда

Мұнан соң, іссапар кезінде Серік Сағитжанұлы аудандық маңызы бар Бөген-Ақлақ бағытындағы жолдың жағдайымен танысты. Орташа жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан мекеме "СтройМодуль-Астана" компаниясы. Жұмыс барысын толық бақылап шыққан аудан басшысы мердігерге сапалы әрі уақытылы аяқтау жөнінде тапсырма берді.
Қызылжар елдімекенінің кіре-беріс автомобиль жолы да биылғы бюджеттен жаңғыртылады. Ұзындығы 15 шақырымнан асатын жолды "Аван құрылыс" мекемесі жөндеуден өткізеді. Қазіргі таңда мердігерлер жол құрылысына қажетті материалдарды тасымалдау жұмыстарын жүргізуде.


Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі