Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аманөткел: жол мен көпір жөнделеді

Аманөткел: жол мен көпір жөнделеді

Жыл басында облыс әкімі атағы мәлім теңізді жағалай орналасқан ауылдарда болып, елдің мұң-мұқтажына құлақ түрген болатын. Арал халқы көтерген өзекті мәселелердің бірі – Аманөткел ауылы тұсында орналасқан қалқымалы көпірді жа¬ңарту мен Қарашалаң елді мекенінің жол мәселесі. Қуанышбек Ысқақов қалқымалы көпірге қатысты қаржы қаралып, тиісті жұмыстарды тезірек атқару қажеттігін айтты. Бұдан бөлек, «Қарашалаң-Бөген» бағытындағы жолды жөндеуге 429,6 млн теңге қаржы бөлініп, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы арқылы мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.– Бұл елге қажет көпір. Ауылдар арақатынасында, аудан орталығына баруда осы қалқымалы көпірдің маңызы ерекше. Тиісті қаражатты биылдан қалдырмай бөліп, көпірді түгелдей жаңартуымыз керек. Мен тиісті орындарға тапсырма беремін. Оң шешім болады. Осыған дейін біз біршама ауылдарды аралап келдік. Айтылған ұсыныстардың барлығы жазылып алынды. Енді оны аудан басшылығымен бірлесе отырып, өз уақытында жүзеге асыратын боламыз, – деді аймақ басшысы аманөткелдік тұрғындармен кездесуінде.
Негізі Аманөткелдегі қалқымалы көпірді қайта жаңғырту үшін аудандық бюджеттен бөлінген 13,4 млн теңгеге жоба-сметалық құжаттары әзірленіп, қазіргі таңда мемлекеттік сараптамадан өткізілуде.
(Өз тілшімізден).
15 қаңтар 2020 ж. 1 334 0