Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда облысында жеке күзет ұйымдарының біліктілігін арттыру мақсатында іс-шаралар өтті

Қызылорда облысында жеке күзет ұйымдарының біліктілігін арттыру мақсатында іс-шаралар өтті

Kyzylorda-news.kz Қызылорда облысы көлемінде күзетке алынған нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, нысандарды қорғау бағытында жеке күзет ұйымының күзетші лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және біліктілігін арттыру күн тәртібінен алынған емес.
Облыс көлемінде жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталығының 2 филиалы қызмет атқарады. («Динамо» «Дене шынықтыру-спорт қоғамы» Қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облыстық филиалы мамандандырылған оқу орталығы, «Даярлау орталығы «Асар» ЖШС Қызылорда қаласындағы филиалы)
Соның бірі, «Даярлау орталығы «Асар» ЖШС Қызылорда қаласындағы филиалы оқу орталығының мамандарымен бірлесіп, облыстық полиция департаментінің Күзет қызметін бақылау бөлімі, Оқу жаттығу взводы, Арнайы және жұмылдыру даярлық басқармасы, ҚР ҰҚК-нің Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департаменті терроризмге қарсы орталық бөлімінің және Облыстық денсаулық сақтау басқармасының қызметкерлерімен жеке күзет ұйымдарының қызметкерлерінің, яғни күзетшілерді оқу бағдарламалары мен оқу жоспарларына сәйкес, біліктілігін арттыру мақсатында Қызылорда облысы көлемінде қызмет көрсететін жеке күзет ұйымдары күзетшілерінің теориялық, практикалық білімдері және өзінің кәсіптік құзыреті саласында біліктілігін арттыруы, заңдылықты сақтауы, терроризм мен қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу, тасымалдау қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жеке адамдар мен азаматтардың конституциялық құқығын, қауіп-қатерден жан-жақты қорғау мақсатында дәріс өткізіп, сынақтар қабылдап, қосымша нұсқаулықтар берілді.
Жеке күзет ұйымдары күзетшілерінің біліктілігін арттырудың негізгі мақсаты, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 30.12.2014 жылғы «Күзет қызметін жүзеге асыру үшін біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы» №959 бұйрығы негізінде күзетші лауазымын атқаратын қызметкерлерді мамандандырылған оқу орталығының арнайы даярлық курсынан өткізіп, біліктілігін шыңдау мен қатар қазіргі заманғы заманауи техникалық құралдар мен технологияларды және арнайы құралдар мен қоян қолтық ұрыс тәсілдерін тиімді пайдалануын үйрету болып табылады.
Уақыт талабына сәйкес, алдағы уақытта жеке күзет ұйымдары күзетшілерінің біліктілігін арттыру бағытында жоспарлы жұмыстар өз жалғасын таба беретін болады.
Қызылорда облысының полиция департаменті
Күзет қызметін бақылау бөлімі
06 тамыз 2024 ж. 178 0