Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Боксшы Назым Қызайбай Париж Олимпиадасының қола жүлдегері атанды

Боксшы Назым Қызайбай Париж Олимпиадасының қола жүлдегері атанды

Назым Қызайбай жартылай финалда жеңіліп, қола жүлдені қанағат тұтты.

Қазақстандық боксшы Назым Қызайбай Парижде өтіп жатқан Олимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды.

Назым жартылай финалда қытайлық Ву Юдан айласын асыра алмады. Осылайша, ол қола жүлдені місе тұтты.

Ву Ю – әлем чемпионы, Азия ойындарының чемпионы. Назым Қызайбай – екі дүркін әлем чемпионы.

Ел қоржынында 1 алтын, 1 күміс, 3 қола медаль бар.

Ақпарат көзі: ​turkystan.kz.​​​
07 тамыз 2024 ж. 85 0