Арал ауданында жедел жәрдем жүргізушісі 15 тәулікке қамауға алынды

Қызылорда облысында жедел жәрдем жүргізушісі мас күйде көлік басқарғаны үшін 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды, деп хабарлады turkystan.kz.
Қызылорда облысы Арал ауданында жедел жәрдем жүргізушісі 15 тәулікке қамалып, жеті жылға жүргізуші куәлігінен айырылды.
Мас күйде көлік басқару фактісі Самара – Шымкент тасжолында “Қауіпсіз жол” жедел алдын алу іс-шарасын өткізу кезінде анықталды. Құжаттарды тексеру барысында өзін біртүрлі ұстаған жүргізушінің әрекеті полицейлерге күдікті көрінген.
Медициналық куәландыру оның масаң күйде болғанын көрсетті.
Айта кетейік, өңірде 6-8 тамыз аралығында “Қауіпсіз жол” жедел алдын алу шарасы өткізіліп жатыр. Полицейлер жол жүрісіне қатысушыларды мұқият болуға шақырады.
Сурет: turkystan.kz.