Еліміздің бірнеше өңірінде тамыз айында құрғақшылық болады

«Қазгидромет» тамыз айына арналған құрғақшылық болжамын жариялады.
Соңғы болжамға сәйкес тамыз айында Қазақстан аумағында атмосфералық ылғал елдің солтүстігінде, солтүстік-батысында және шығысында жекелеген аудандарда орташа ылғалды болады деп күтілуде.
Вегетациялық кезеңде жауын-шашын тапшылығы байқалатын Қостанай, Алматы, Жамбыл және Қызылорда облыстарының жекелеген аудандарында құрғақшылық болжанып отыр.
Тамыз айында мына өңірлер орташа ылғалды болады деп күтіліп отыр:
Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде;
Қостанай облысы;
Ақмола облысы;
Павлодар облысы;
Ақтөбе облысының Әйтеке би, Қарғалы, Мұғалжар және Хромтау аудандарында;
Шығыс Қазақстан облысының Катонқарағай және Құршым аудандарында.
Ал орташа құрғақ жағдайлар:
Балқаш ауданының оңтүстік бөлігінде және Алматы облысы Жамбыл ауданының солтүстік бөлігінде;
Жамбыл облысының Мойынқұм және Талас аудандарында;
Қызылорда облысының Қармақшы ауданында.
Елдің қалған бөлігінде ылғалды ауа райы қалыпты жағдайға жақын болады деп күтілуде.
Ақпарат көзі: turkystan.kz
Сурет: ашық дереккөз