Қазақстан спортшылары Париж олимпиадасын аяқтады
Бұл олимпиадада Қазақстан бір алтын, үш күміс, үш қола медальмен тәмамдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Дзюдодан 60 келіде Елдос Сметов олимпиада чемпионы атанды. Күмісті спорттық гимнастикадан Нариман Құрбанов (тұғырлы ат жаттығуы) мен грек-рим күресінен Демеу Жадыаев (77 келі), боксшы Нұрбек Оралдай (92 келі) иеленді.
Қола медальды нысана көздеуден командалық жарыста Ислам Сатпаев пен Александра Ле (тапаншамен 10 метрден ату), дзюдодан Ғұсман Қырғызбаев (66 келі), бокстан Назым Қызайбай (51 келі) алды.
11 тамыз 14:30-дағы жағдай бойынша Қазақстан жалпы есепте 41-орында тұр.
Токио-2020 олимпиадасында ел спортшылары 8 қола медальмен шектелген.
Қазақстан Париж олимпиадасында үміт артқан боксшылар бұл жолы да алтын медальсыз қалды. Токио-2020 олимпиадасында да боксшылар алтын медаль иелене алмаған еді.
Ақпарат көзі: egemen.kz
Сурет: ашық дереккөз