Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » АЭС – әлемдегі ең арзан электр энергия көзі – сарапшы

АЭС – әлемдегі ең арзан электр энергия көзі – сарапшы

Ядролық физика институтының директоры Саябек Сахиев елімізде атом электр станциясын салудың не үшін қажет екенін түсіндіріп берді.

«Атом электр станциясы – әлемдегі ең арзан электр энергия көзі және жасыл энергияны алмастыра алады. Ол Қазақстанға қажет. 2060 жылға қарай көмірқышқыл газы шығарындылары үшін қосымша салық төлеу міндеттеледі, себебі ол қоршаған ортаны ластап жатыр. Сондықтан қауіпсіз энергия өндірісін дамытамыз десек, көмірқышқыл газын шығармайтын, яғни жасыл энергетиканы қолдауымыз керек», - деді Саябек Сахиев елімізде атом электр станциясын салу мәселесі бойынша елордада өткен қоғамдық тыңдауда.

Осылайша институт басшысы елімізге атом электр станциясы керек екенін айтып отыр, онсыз экономикалық прогресс болмайды.

Бұған дейін Энергетика министрлігінің өкілі, қазақстандық АЭС-те апат болған жағдайда кім жауапты болатынына қатысты түсініктеме берді.

Одан бөлек, маман атом электр станциясынан көмірқышқыл газ шығарындылары болмайтынын мәлімдеді.

Сурет: kaz.inform.kz
20 тамыз 2024 ж. 114 0