Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда енді несие мөлшері табысынан асып кеткендерге қарыз берілмейді

Қазақстанда енді несие мөлшері табысынан асып кеткендерге қарыз берілмейді

Қазақстанда енді несие беретін кезде қарыз алушының кірісі мен қарыз көлемінің қатынасы ескеріледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚРРД) жаңа пруденциалды стандарт құрамын кеңейтетін қаулы қабылдады.

"Енді барлық несие бойынша жалпы қарызының оның жылдық кірісіне арақатынасы есептеледі", – деп түсіндірді агенттік.

Қарыз ай сайынғы табысының 50 пайызынан асып кетпеуі керек.

Қазақстанда несие алу кезінде жұбайының келісімін алу ережесі бекітілді
Қазақстанда несиенің жылдық пайыздық мөлшерлемесі төмендетілді
Қазақстанда онлайн несиеге тыйым салуды талап ететін петиция қабылданбады
Бірінші кезеңде агенттік банктер мен микроқаржы ұйымдарының ақпараты негізінде мониторинг жүргізеді. Ал екінші кезеңде 2025 жылы коэффициенттің нормативті мәні белгіленеді.

"Жаңа стандарт азаматтардың несие жүктемесінің шамадан тыс өсуін шектеп, қарызы кірісінен бірнеше есе асып кетпеуіне мүмкіндік береді", – делінген ведомствосында.

Ақпарат көзі: stan.kz
Сурет: ашық дереккөз 
21 тамыз 2024 ж. 189 0